Бүгін біздің «Үміт» тобының қылықты сұлу ханшайымының туылған күні. Зейнеп 1 жасқа толды.
Сүйкімді балапан, біз сені туылған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгін сенің ең қуанышты күнің! Өмірің қызықты және көңілді оқиғаларға толы болсын! Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап, сәулетіңе сай дәулет орнасын. Ақылды, еңбекқор, айналаңдағы адамдарға мейірімді болып бойжет! Саған мықты денсаулық, сәттілік және шексіз бақыт тілейміз. Туған күніңмен, тәтті қыз!