Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтарды тәрбиелеуде тәрбиеші көмекшілерінің еңбегі орасан зор екені белгілі.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Мамандандырылған балалар үйі” МКМ-нде “Тәрбиеші көмекшілері” мерекесіне арналған “Өз ісінің шебері” атты іс-шара өткізілді.
Салтанатты іс-шарада балалар үйінің директоры Сауле Кенжетайқызы “Өз ісінің мамандары - тәрбиеші көмекшілеріне” болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп, балаларымызға деген ерекше мейірімі мен қамқорлықтары үшін алғыс айтып, жылы лебізі мен ізгі тілегін білдірді.
Сондай-ақ, кәсіп одақ ұйымы, тәрбиеші-педагогтар мен мамандардың атынан бағалы сыйлықтар табыс етіліп, тәрбиеші көмекшілеріне ерекше сый құрмет көрсетілді.