Тұсау кесу рәсімі жасалды

Қырқкүйек 25, 2020

Ер көңілді, жаны жомарт қазақ – ұрпағының жолынан ешнәрсесін аямаған. Ұрпағы таршылық, тапшылық көрмесін, бай-бақытты молшылық ғұмыр кешсін, көңілі дарқан даладай, текті, жетелі, ел-жұртына сиымды, бауырмал, қадірлі, қайырымды көпшіл азамат болсын деген ниетпен сәбидің алғашқы қадамын майлап, тұсауын кестіруді өз борышы санаған. Бізде ата дәстүрімізді шет қалдырмай, сәбилеріміздің қадамы нық, жолы ашық адал азаматтар болып өсіп-жетілуі үшін думанды дәстүрді өткіздік.  

Біздің үйдің «Бөбек» жанұя тобында үш бүлдіршіннің тұсау кесу рәсімі жасалды. Тұсауы кесілетін сәбилеріміздің мінезі жайдары, ақылды, мейірімді, елге сыйлы азамат болып өсуі үшін дәрігер-педиатр Багира Игеновна, ЕДШ нұсқаушысы Мағжан Сәлім, логопед Ирина Вадимовна бүлдіршіндердің тұсауын кесті. Балаларымыз өмірлік жолы ретінде есептегіш құралын таңдады. Шашу шашылып, тұсау кесер рәсімін жүргізген мамандарымыз бен кішкентай сәбилерімізге сыйлықтар берілді.

Тұсауы кесіліп, өмір жолының алғашқы қадамдарын бастаған балғындарымызға ақ жол, мықты денсаулық, жоғары жетістіктер, шынайы бақыт тілейміз.

  • IMG-20200925-WA0004
  • IMG-20200925-WA0012
  • InShot_20200925_210131726
Оқылды 544 рет