Білім күні

Қырқкүйек 01, 2022

Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.

Елордалық балалар үйінде 1-қыркүйек «Білім күніне» орай мерекелік шара өткізу дәстүрге айналды. Себебі, жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін кішкентай тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет.

Бүгін балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекеде балаларымызға ақылды Мысық пен көңілді Клоундар қонаққа келді. Сүйікті кейіпкерлерімен бірге балдырғандар амфитеатр алаңында қызықты тапсырмаларды орындап,  би билеп, түрлі ойындарды ойнады. Мереке көңілді өтті.

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!

  • 01
  • 02

Оқылды 214 рет