Балалардың дұрыс тамақтануы – денсаулық кепілі!
Дұрыс тамақтану — баланың өсуі мен жан-жақты дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан балалар үйінің әкімшілігі мен дәрігерлері сәбилеріміздің тамақтанулары мен тағамдарға байланысты сұрақтарға баса назар аударады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде аурухана кеңесі өтті.
Балалар үйінің педиатр-дәрігері Оспанова Масиха Сұлтанқызының «Балалар үйінде тамақтандыруды ұйымдастыру. Ерте жастағы балалардың дамуындағы тамақтанудың маңызы» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.