Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрысына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау кішкентай кезінен басталады. Сол үшін де біз көптеген шығармашылық байқауларға сәбилерімізді қатыстырып, шығармашылығын шыңдауға тырысамыз. Сәби қиялы шексіз, ұшқыр келеді. Балалар шебер суретші болмаса да кішкентай кезінен-ақ, бірнеше көркем туындыны жасай алады. Көркемдік шығармашылық сәбилеріміздің ең сүйікті ісі.
Алтын күз. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ. Бұл құбылыс сәбидің көзімен, қиялында мүлдем бөлек. Ішкі түйсігімен табиғаттың осы бір сұлулығын бейнелеу сәби үшін үлкен іс.
Біздің балаларымыз «Алтын күз» IX Халықаралық шығармашылық байқауына қатыстып, дипломмен марапатталды. Балдырғандарымыздың бұл жетістігі біз үшін мәртебе, үлкен қуаныш. Балапандарымызды жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта тағы көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, биік шындарды бағындыруды тілейміз.