Күн шуақты балалар немесе Даун синдромы бар балалардың өзіндік ерекшеліктері болады. Біреулері ән айтқанды ұнатады, бірі сурет салғанды ұнатады, ал басқалары табиғатты жақсы көреді. Олар, өзге балалар сияқты, тек қуанып қана қоймайды, сонымен бірге қайғырады, ренжиді. Олардың барлық эмоциялары қалғандарымен бірдей. Әрине, әр сәби Анасы мен Әкесі болғанын қалайды.
Бүгін бізде қуанышты оқиға болды, күн сәулелі шуақты бүлдіршініміз Санжардың енді АНАСЫ бар! 3 жыл бұрын Гүлмира есімді мейірімді жан күн сәулелі ерекше қызымызға ғашық болып тәрбиесіне алған болатын, енді ол махаббаты мен қамқорлығын тағы бір ерекше сәбиге бермек. Санжардың анасы бар, бұл әр баланың өміріндегі ең маңызды нәрсе. Санжар бақыт орнаған мекенде – «ОТБАСЫНДА» тұрады.
Санжар мен анасына зор денсаулық, таңғажайып қызықты сәттер, жақсылық, үлкен табыстар тілейміз. Өмірлері ғажайыптар мен бақытқа толы болсын.