Күзгі табиғат аясындағы серуен

Қырқкүйек 07, 2022

Балаларды тұлға ретінде тәрбиелеуде табиғат аясында серуен ұйымдастырудың маңызы зор. Серуен балалардың денелерін шынықтыруын қалыптастыруға әсерін тигізеді, көңіл күйлерін көтереді.

Күз – бұл тылсым сырға толы таңғажайып жыл мезгілі. Әрине, әр жыл мезгілінің өзіндік ғажайып көріністері мен сырлары бар, бірақ күз мезгілі барлығынан да әсерлі! Оның көркемділігі мен әсемдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Оны тек күзгі бақта келе жатып, әсемділігін үнсіз ғана тамашалаған жан ғана түсінері хақ! Сондықтан да біз бүлдіршіндерімізді күздің тылсым сұлу табиғатымен таныстыру мақсатында «Орталық саябаққа» барып, серуендеп қайттық.   

Серуен кезінде біздің бүлдіршіндеріміз қоршаған табиғатпен танысты. Ағаштарды, өсімдіктерді, жапырақтарды тамашалап, «Орталық саябақтың» көрікті алаңдарында қызықты ойындар ойнады. Бұл серуен балаларға да, ересектерге де көптеген жағымды эмоциялар қалдырды!

  • 01
  • 02

Оқылды 579 рет