Бар жақсылық балаларға.
«Бала адамның бауыр еті» дейді. Шынында, өмірден алғанымыздың ең жақсысын ішкі жан дүниемізбен осы балаларға бергіміз келеді. Жақсылық жасауды үлгі көріп өскен ұрпақ өз елі үшін елең қағар азамат, имандылық, жылы жүзділік, мейірімділік шапағатын төге алатын жақсы азамат болып қалыптасады.
Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері «Қызылорда облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлеріне» сүйіспеншілік, жылылық сезімімен балдырғандарымызға сыйлаған пайдалы жемістері мен түрлі тәттілері үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілейміз.