Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдық мерейтойы құрметіне

Қырқкүйек 12, 2022

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының 20 ғасыр басындағы ұлт азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, ағартушы, ақын және қазақ тіл білімі мен әдебиетінің негізін қалаушы публицист.

«Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын. Ел – бүгіншіл, Менікі – ертең үшін» деген Ахмет Байтұрсынұлы болашақ ұрпақ үшін қызмет етті.

Ұлы тұлғаның 150 жылдық мерейтойы құрметіне Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің «Қуыршақ», «Қоңырау», «Үміт», «Шиелім» тобы тәрбиешілері балаларды Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен таныстырып, танымдық тәрбие сабағын өткізді.

Танымдық тәрбие сағат барысында балаларымыз Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, шығармашылығы және «Қырық мысал» шығармалар жинағымен танысты.

Сондай ақ, «Бөбек» тобының тәрбиешілері мен «Алақай» театр студиясының жетекшісі Алмагүл Сатыбалдина бүлдіршіндерімізге арнап Ұлттың ұлы ұстазының «Қырық мысал» өлеңдері жинағынан «Қарға мен түлкі» ертегісіне негізделген қуыршақ қойылымын көрсетті.

Ахмет Байтұрсынұлы мысалдарында ақын болуымен қатар ойшыл ретінде де көрінеді. Тұрмыстық көріністерді дәл бере білу арқылы өмірдің шынайы суреттерін нақтылай түседі.  Ұлы тұлғаның «Қырық мысал» жинағының әрбіріне жеке тоқталып, саралар болсақ, қазіргі қоғам, біз, үлгі алып жүрген заманауи дүниелердің барлығы осында жинақталғанын көруге болады.

  • 01
  • 02

Оқылды 245 рет