22 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің күндізгі «Ботақан» тобы мен «Күнім» оңалту тобы «Түрлі түстегі – Ана тілі» сурет көрмесін өткізді.
Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек. Тіл болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Тіл туралы терең ойлану қоғам үшін, қоғамның әр азаматы үшін парыз болып саналады. Сондықтан кішкентай бүлдіршіндеріміздің Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, өзге тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында арнайы сурет көрмесі ұйымдастырылды.