Бала – біздің болашағымыз. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағының тыныс-тіршілігенен, жай-күйінен хабардар болу мақсатында, бүгін біздің балалар үйіне Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі орынбасары Аблазимов Рахматулла Махсудханович пен Сапура Мухамедьяновна арнайы жұмыс сапарымен келді.
Директор Сәуле Кенжетайқызы «Алматы» ауданының әкімі орынбасары Аблазимов Рахматулла мырза мен Сапура Мухамедьяновна ханымға біздің үйді таныстырып, экскурсия жүргізді. Аблазимов Рахматулла Махсудханович мырза мен Сапура Мухамедьяновна балалардың өмір сүру жағдайымен танысты. Балғындарымыздың денсаулығы мен қажеттіліктеріне қатысты сұрақтарын қойып, қандайда бір көмек қажет болған жағдайда қол ұшын беретінін айтып, қолдау көрсетуге ниетін білдірді. Қадірлі қонақтарымыз балалардың өмір сүру жағдайымен танысып болған соң, балалар үйі ұжымына ризашылығын білдірді. Бүлдіршіндерімізге жанашырлық көрсетіп, ізгі ниетпен білдірген қамқорлығы үшін «Алматы» ауданының әкімі орынбасары Аблазимов Рахматулла мырзаға және Сапура Мухамедьяновна ханымға ризашылығымызды білдіреміз.