Біздің балаларымыз Орталық Азиядағы ең үлкен мешітке келді

Қырқкүйек 20, 2022

Мешітке кез келген адам ізгілік іздеп келеді. «Мешіт» – адамдарды мейірімділікке, сүйіспеншілікке шақыратын, бір-біріне қамқор болып, қол ұшын беретін, адамның жаны тыныштық табатын, сондай бір қасиетті мекен.

Біздің балаларымыз Орталық Азиядағы ең ірі мешіт атанған және әлемдегі ең үлкен мешіттердің ондығына енетін мешітке барды. Мешіттің ішкі сәулеті көз тартады. Қазақы ою-өрнекпен көмкеріліп, қабырғаларға құран сүрелері жазылған.  Ерекшелігі көп зәулім ғимарат балаларымызды таңдандыру мен қатар керемет әсерге бөледі.

Оқылды 238 рет