Балалар үйінің бақшасында біздің жас диқандарымыз көкөніс өсіреді – өз қолдарымен өсірген экологиялық таза өнімдер балалардың еңбекке деген құлшыныстарын арттыра түседі. Олар жыл сайын мамандармен және тәрбиешілерімен бірге қияр, қызанақ, сәбіз және т.б. көкөністер өсіреді.
Сөйтіп, балаларымыз «көкөністер қайтіп өседі?», «өсімдіктер өсу үшін не керек?», «көкөністер несімен пайдалы?» деген сауалдарға жауаптар табады. Өсімдіктерді баптап өсіру дағдыларының арқасында балалар еңбексүйгіштікке, жинақылыққа, қоршаған ортаны күтіп-баптауға үйренеді.