Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбиелеуде ұстаздың еңбегі орасан зор екені белгілі. Ұстаздық ету – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Осынау бір мамандық иелеріне лайықты құрмет көрсету мақсатында жыл сайын елордалық балалар үйінде «Ұстаздар күні» мерекесі салтанатты түрде аталып өтеді.
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің музыка залында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара өткізілді.
Ұстаздардың төл мерекесінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан аяулы жандарға Астана қаласының әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлы мен Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазиев Қасымхан Сенғазыұлының «Алғыс» хаттарымен марапатталып, Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі Мақсат Саматұлының «Құттықтау хаты» табыс етілді.
Мекемеміз басшысы Сәуле Кенжетайқызы жыл бойы балаларға мейірімі мен қамқорлығын көрсетіп келе жатқан аяулы тәрбиешімізді кәсіби мерекесімен құттықтап, тынымсыз еңбектеріне құрмет ретінде әсем безендірілген арнайы торт сыйлап, жылы лебізі мен ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ, тәрбиешілерімізге Кәсіподақ комитеті мен мекемеміздің медбикелерінің атынан арнайы сыйлықтар берілді.