Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері атынан Астана қаласы әкімдінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-не, «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында экологиялық сенбілік жұмыстарына көмектесіп, балаларымыз ойнайтын алаңдарды тазартып бергені үшін медициналық колледж студенттеріне және Рыскуль Сейльхановнаға шын жүректен алғыс білдіреміз.
Адам бойындағы жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік, қайырымдылық. Жақсы қасиеттерге ие жанашыр жастардың, түрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерімізге деген қамқорлығына ризашылығымыз шексіз.
Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және мол табыс тілейміз! Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!