Қазан айының басында атап өтілетін Қазақстандағы кәсіби мерекелердің бірі — есепшілер күні. Бүгін Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде Қазақстанның барлық бухгалтерлері үшін кәсіби мереке болып табылатын «Есепшілер күніне» арналған мерекелік концерт өтті. Бухгалтерлік есеп бөлімі қызметкерлерін құттықтау дәстүрі біздің үйде бұрыннан бар. Сондықтан балалар үйінің ұжымы, директор Сәуле Кенжетаевна мен директордың орынбасары Анар Нухаевна бухгалтерияны осы кәсіби мерекемен құттықтады. Мереке құрметіне бізге қонаққа РФ Халық әртісі Татьяна Григорьевна Васильева, Буратино, Үш мушкетер Атос, Портос, Арамис және Д'Артаньян келді. Бас бухгалтерімізді мерекемен құттықтау үшін бізге Ресей Президенті Путин Владимир Владимирович жеке қоңырау шалды. Мереке құрметіне біздің құрметті бухгалтерлерге мекемеміздің кәсіподақ мүшелері дайындаған арнайы сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара көтеріңкі көңіл-күймен жоғары деңгейде аталынып өтті.
Есепшілер күні
Қазан 06, 2020