Балалар үйінің апта сайынғы жоспарлау жиынында директордың емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Анаргүл Нұқайқызы қаламыз бен еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін қызметкерлерге «Аманат» партиясының Алғыс хаттарын табыс етті.
Балалар үйінің реабилитолог дәрігерінің «Курортология, физиотерапия және емдік дене шынықтыру жаттығулары мәселелері» журналы туралы баяндамасы тыңдалды. Журналдың мақалаларына реабилитолог Айсұлу Есқалиева шолу жасады. Балаларды оңалтуға қатысты сұрақтар қойылды.
Балалар дәрігері Татьяна Дмитриевна қызметкерлерге тұмаудың алдын алу, оның пайда болу себептері мен белгілері, емдеу шаралары туралы ақпараттық дәріс оқыды.