18.10.2022 жылы «Күнім» оңалту тобында кезекті ата-аналар жиналысы өтті, жиналыстың мақсаты мамандар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту болды.
Жиналысты директордың міндетін атқарушы емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары Анаргүл Нұхайқызы ашты. Ол жиналыстың мақсаты, міндеттері мен маңызы жайлы айтты. Жиналысқа реабилитолог-дәрігер, педиатр-дәрігер, психолог, логопед, ЕДШ нұсқаушылары, медбике-массажистер, «Күнім» оңалту тобының тәрбиешілері қатысты.
Ата-аналар жиналысы ашық диалог түрінде өтті, жиналыс барысында ата-аналар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша толық ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.