«Нұр Отан» партиясы «Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы, меценат Бауыржан Исабаев мырзаға ризашылығымызды білдіреміз

Тамыз 21, 2020

Адамның қадірлісі  –  жомарт кісі. Жүсіп Баласағұнның «Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең – мейірімділік көресің» деген қанатты сөзінің мазмұны бүгінгі меценаттарымызға арналса керек. Жүрегіндегі жылуы мен қолындағы барын балаларымыздан аямайтын жомарт жандар бүгінде көп-ақ. Солардың бірі Бауыржан Абдрашитұлы. Аружан Саинның бастамасымен қайырымдылық акциясы аясында «Ана үйі» меценаты, «Нұр Отан» партиясы «Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бауыржан Исабаев мырзаның жетекшілігімен сәбилерімізге арнайы тарту етілген ғажайып сыйлықтар үшін алғысымызды білдіреміз. Қызықты оқулықтар, тақта ойындары, дидактикалық құралдар, балалардың дүние танымын кеңейтуге арналған жиынтықтары, құрылыс жинақтары, шығармашылық құралдары түріндегі ерекше сыйлықтар сәбилерімізге көтереңкі көңіл-күй мен үлкен қуаныш сыйлады.

Сізге, бүлдіршіндерімізге көрсеткен мейірімділігіңіз, жанашырлығыңыз, қамқорлығыңыз үшін рахмет! Сіздердің қолдауларыңыз біздің балғындарымызға болашақта олар да қоғамның толыққанды мүшесі бола алатындығына сенім береді. Олардың жақсылықтан үлгі алып жақсы адам болып қалыптасуларына ықпал етеді. Бүлдіршіндерімізге көрсеткен қайырымдылығыңыз Сізге еселеніп қайтсын! Көп рахмет Сізге! Игі ісіңіздің, ізгілігін көріңіз.

Оқылды 407 рет