Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Күзгі қиял» атты қолөнер бұйымдары көрмесі өтті.
Қиял мен шығармышылққа кеңінен жол беретін, толып жатқан алуан түрлі сый-сыяпат пен көптеген материалдарға толы, жылдың ең керемет, ең жарқын, ең дархан да алуан түсті, көркем мерзімі – Алтын күз.
Балалардың күз мезгілінің ерекшеліктерін, күзгі молшылық, береке туралы түсініктерін кеңейтіп, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу үшін балалар үйінде дәстүрге айналған арнайы күзгі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге күндізгі топтардың ата-аналары жасаған көрнекіліктер мен біздің үйдің балапандары тәрбиешілерімен бірлесе жасаған композициялары мен әр түрлі сюжеттерге арналған бұйымдары ұсынылды. Нәтижесінде гран-при иегері «Шиелім» тобы, 1 орын «Қабылдау» тобы, 2 орын «Қуыршақ» тобы, 3 орын «Қоңырау», «Үміт» топтары ие болды.
Біз қолөнер бұйымдарын жасауға қатысқан барлық топтарға алғысымызды білдіреміз!