04 қарашада елордалық Балалар үйінің апталық жоспарлау кеңесінде аға тәрбиеші және әдіскер балалар басылымдарына шолу жасап, ақпараттық сағат өткізді.
Мамандар олар жазылатын журналдар балалар әлемін жарқын, қызықты және танымдық етуге көмектесетінін атап өтті.
Балалар үйінің қызметкерлері «Ертегілер әлемінде», «Балдырған», «Көңілді суреттер», «Аюка» журналдары, «Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскер», «Тәрбиеші ұлағаты» электронды журналының айдарлары бойынша слайд арқылы қызықты экскурсия жасады.
Қорытындылай келе, қызықты дидактикалық ойындар мен нейро жаттығуларды қолдану, журналдағы танымдық ақпараттарды пайдалану арқылы балалармен жұмыс жасау бойынша мастер-класс өткізілді.