07.11.2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде күндізгі «Күнім» оңалту тобының қоштасу ертеңгілігі өтті.
Ертеңгілік барысында балалар Аю және Кірпімен бірге қызықты тапсырмаларды орындап, би билеп көңіл көтерді. Балалар кешке жиналған ата-аналарына тосын сый ретінде сылдырмақтармен өз өнерлерін көрсеттіп, қошеметке бөленді. Сондай ақ балалардың ата-аналары үшін арнайы өз қолдарымен жасаған сыйлықтары табыс етілді.
Балалар үйінде өткен іс-шаралар мен «Күзгі қол өнер» көрмесіне белсенді қатысқан бүлдіршіндер Алғыс хатпен марапатталды. Мереке салтанатты, қуанышты және сонымен бірге өте қызықты өтті.
«Күнім» оңалту тобында балалармен педагогикалық және медициналық мамандардан тұратын мультидисциплинарлық команда жұмыс істеді. Аз уақыт ішінде бүлдіршіндер ерік-жігерлері мен ұмтылыстары арқасында біршама жетістіктерге жетті.
Балаларымызға ақ жол тілей отырып, біз оларды мақтанышпен және үмітпен, болашақта алар асулары биік болсын деген тілекпен жібереміз.
Құрметті ата-аналар! Сенімдеріңізге рахмет! Сіздерге сәттілік, отбасылық бақыт және шексіз қуаныш пен бақытты сәттеріңіздің көп болуын тілейміз.