Біздің үйдің қамқоршы досы – Мадина Болатбековнаға алғысымызды білдіреміз

Қырқкүйек 17, 2020

Жақсылық күн секілді, сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар бізді қоршаған ортада өте көп. Ізгі ниетті жақсы жандардың бірі – Мадина Болатбековна. Шынайы ниетімен біздің үйге үнемі қол ұшын беріп, қолдау білдіріп, көмекке дайын тұратын мейірімді жан.

Құрметті Мадина Болатбековна! Біздің үйге үнемі тұрақты көмек көрсетіп, балаларымыздың өмірін жақсартуда үлес қосуға ұмтылысыңызға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Сізге жомарттығыңыз, ізгі ниетіңіз бен балаларымызға деген қамқорлығыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сізге мықты денсаулық, шексіз бақыт және жұмысыңызға сәттілік тілейміз!

 

Оқылды 426 рет