Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстанның Мемлекеттік әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Бала құқығы – адам құқығы. Бұл жасына, жынысына, ұлтына қарамастан барлығына қолданылатын құқықтар. Балалар ересектер сияқты көптеген құқықтарға ие. Балалардың құқықтары туралы айтқанда, олар жалпыадамзаттық құқықтарды білдіреді. Өйткені, бізді адам ететін адам құқықтары. Біздің құқықтарымыз – бұл біздің адамдық қадір-қасиетімізді сезінетін принциптер.
11.11.2022ж. Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ әлеуметтік жұмыс жөніндегі заңгер Ғабдуллин Бауыржан Құрманғазыұлы қызметкерлерге елімізде балалардың құқықтары мен мүдделері қалай қорғалатыны туралы ақпараттық дәріс өткізді.