Дәстүрге айналған жәрмеңке!

Желтоқсан 13, 2022

Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымды жандарды «алтын жүректі адамға» теңейтіні де содан болар.

Елордамызда дәстүрлі түрде өткізілетін Рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі 13-мәрте өткізілді. Биылғы жәрмеңкенің басты тақырыбы – табиғи өнімдер. Елшілердің жұбайларының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасында тек қана табиғи өнімдер  насихатталды.  Біз үшін бұл шараның ерекшелігі – біз де осы қайырымдылық шарасына өз үлесімізді қостық. Жәрмеңкеде мекеме қызметкерлерінің зор сүйіспеншілікпен дайындаған бұйымдарын жұртшылыққа ұсындық. Бізге қайырымдылық базарына қатысуымызға жағдай жасап берген «Халықаралық Жаһандық Әйелдер көшбасшылығына» үлкен алғыс білдіреміз. Жиналған қаражат толығымен қайырымдылыққа жұмсалады.  Қайырымдылық жәрмеңкесінің мерекелік көңіл-күйде өткендігін баса айтқымыз келеді. Жарқын да сәнді безендірілген сөрелер, көңілді әуен, Санта Клаус пен бас бәйгеге автокөлік тігілген ұтыс лотореясы – осының бәрі келушілерді ерекше көңілге бөледі.  Айта кетейік, Рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу идеясын ең алғаш 2008 жылы Чех Республикасының Елшілігі көтерді. Бұл керемет бастама жыл сайын өткізілетін дәстүрлі жәрмеңкеге ұласты. Жыл сайын өтетін шара түрлі жергілікті қайырымдылық жобалар мен ұйымдарға қаражат жинайды. Сондай-ақ жәрмеңкеге қатысушы елшіліктер өз елдерінің мәдениеті мен өнімдерін көрсетуге мүмкіндік алады.

Оқылды 311 рет