05.11.2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не арнайы жұмыс сапарымен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері келді.
Балалар үйінің директоры Цечоева Татьяна Александровна Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерін мекеменің қызметімен таныстырды. Мекемемен танысу барысында, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері ЕДШ, физиотерапия, оңалту кабинеттерінде, сонымен бірге бассейн, логопедтер мен сенсорлы кабинеттерде болды. Бұл кабинеттер біздің балаларымыздың денсаулығы мен оңалуына арналған. Елордалық балалар үйінің кішкентай тұрғындары қонақтарымызды жақсы көңіл-күймен қарсы алды.
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері өздерінің жұмыс сапарын қорытындылап, астаналық балалар үйінің қызметін жоғары бағалады.
Балалар үйінің ұжымы, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелеріне, үйіміздің бүлдіршіндерін қолдап, арнайы келгендері үшін, үлкен алғыс білдіреді.
Сіздерге бақыт, денсаулық, табысты еңбек және жұмыстарыңызға үлкен жетістіктер тілейміз!