14.12.2022 жылы Астана қаласының «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде әлеуметтік бөлім қызметінің 2022 жылғы қорытынды жұмысы бойынша Аурухана кеңесі өтті.
Аурухана кеңесінің отырысына елордалық балалар үйінің директоры Татьяна Александровна Цечоева, директордың емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Смағұлова Анаргүл Нухайқызы, директордың материалдық-техникалық бөлігі жөніндегі орынбасары Еркінова Арайлым Еркінқызы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мамандар, дәрігерлер қатысты.
Әлеуметтік педагог Дзюба О.В., әлеуметтік жұмыс жөніндегі заңгер Б.Қ. Ғабдуллиннің баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Аурухана кеңесінде әріптестердің өздерін қызықтыратын сұрақтары талқыланып, әлеуметтік бөлімнің алдағы жұмысы туралы өз ойларымен бөлісті.