Адамның қадірлісі – жомарт кісі. Жүрегіндегі жылуы мен қолындағы барын балаларымыздан аямайтын жомарт жандар бүгінде көп-ақ. Солардың бірі ТОО «А—Сталь Азия» ұжымына және директоры Степанова Елена Александровна ханымға сәбилерімізге көрсеткен қайырымдылық көмек үшін алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге, бүлдіршіндерімізге көрсеткен мейірімділігіңіз, жанашырлығыңыз, қамқорлығыңыз үшін рахмет! Сіздердің қолдауларыңыз біздің балғындарымызға болашақта олар да қоғамның толыққанды мүшесі бола алатындығына сенім береді. Олардың жақсылықтан үлгі алып жақсы адам болып қалыптасуларына ықпал етеді. Бүлдіршіндерімізге көрсеткен қайырымдылығыңыз Сізге еселеніп қайтсын! Көп рахмет Сізге! Игі ісіңіздің, ізгілігін көріңіз.