28.12.2022ж. біздің балаларымызды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, керемет сыйлықтарымен бақытта бөлеп, қуаныш сыйлау үшін Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин мырза келді.
Ильин Юрий Викторович, өнерлі бүлдіршіндеріміздің мерекелік бағдарламасының сыйлы қонағы болып, қуаныштарымен бөлісті.
Бала – үлкен бақыттың кішкентай бөлшегі, әр ересек адамның өмірін шынайы қуанышқа толтыратын керемет. Балалар махаббат пен қамқорлықты сезініп, жүрегі осы кішкентай бақытқа бөленгенін қалайды. Мейіріммен балаларымызға қамқорлықпен жан жылуын көрсетіп, қол ұшын беріп, қуанышқа бөлегені үшін Юрий Викторович мырзаға шексіз алғысымызды білдіреміз.
Құрметті Ильин Юрий Викторович!
Сіздің қолдауыңыз бен ерекше қамқорлығыңыз, сәбилерімізге қуаныш пен шаттық сыйлап қана қоймай, олардың қоғамның бір бөлшегі екенін сезіндіріп, болашаққа деген сенім мен бақыт сыйлайды.
Балғындарымыздың жүзіне күлкі, көңіліне қуаныш орнатып, мереке қарсаңында шаттыққа бөлегеніңіз үшін сізге үлкен рахмет. Сізді, алдығы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз. Алдағы жыл сіз үшін табысты болып, алға қойған барлық жоспарларыңыз орындалсын.