Бүгін «Шиелім» тобының тәтті бүлдіршіні Темирлан 1 жасқа толып отыр. Балалар үйінің ұжымы «Тұсау кесер» мен «Түрлі-түсті» мерекелік кеш ұйымдастырып туылған күнді жоғары дәрежеде атап өттік! Балапанның тұсауын, ұжымның еңбекқор, адал, қамқор, Жанат ағамыз кесіп, ақ батасын айтты!
Батыр болар ма екенсің
Алып тұлғалы,
Ақын болар ма екенсің
Жазар жыр әнді
Әкім болар ма екенсің
Елін сыйлайтын.
Аман болшы, балапаным деп, Темирлан қазақтың қара домбырасын таңдады. Еліңнін сүйген, нағыз азаматы болғайсың! Жарқын болашақ, асқақ арман, биік-биік белестен шыққан нар тұлғадай жігіт болуыңа тілектеспіз! Сені жақсы көреміз!!!