Спорттық іс-шара өтті

Қаңтар 25, 2023

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Бүгін балалаларымызбен бірге спорттық іс-шара өткізілді. «Қуыршақ» тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада 2 топ анықталды. «Қояндар» мен «Шөжелер» тобы, әр кезеңге белсене қатысып, мәреге жеткенде достық жеңді. Екі топқа тәрбиешілер медаль ұсынып, топтарды қуантып қойды. Балалар қуана-қуана әр кезеңді жақсы ойнап шықты. Тәрбиешілерге алғысымыз шексіз! Қанаттарыңыз талмасын, биіктен самғап, осы балапандардың қуанышына бөлене беріңіздер!

Оқылды 304 рет