Бала кезде ертегіні естіп, ой-қиялына берілер сәттер көп болатын. Әр ертегі тәтті естелік пен бақытты бөлімдермен аяқталып, әр кейіпкер жаңа өмірдің тарауын бастайтын. Бүгін біздің «Балалар үйінде» ұлағатты ұстаздарымыз «Үміт» тобының тәрбиешілері, балаларды достық пен мейірімділікті бағалайтын, «Үш дос» ертегесіне көрініс қойды. Барлық ертегі, өмірдің шынайы көрінісі іспетті. Балапандардың жүректері мейірім мен жақсылыққа толы болуы үшін, күн сайын жақсы іс-шаралар ұйымдастырып, балалардың жүрегінен орын табуда. Біздің балапандар, қамқорлық пен махаббатта, мейірім мен жылулықта, осы ұстаздарымыздың үлкен жұмысы арқылы өмірлік жолдарының әр бетін жазуда! Атқарған еңбектеріңіз, биіктен көрініп, жұмыста табысты болуларыңызға тілектеспіз! Әр баланың жүзінде қуаныш пен махаббат болсын!