Аурухана кеңесі өтті

Ақпан 08, 2023

08.02.2023 жылы Астана қаласының «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ қызметінің 2022 жылғы қорытынды жұмысы бойынша Аурухана кеңесі өтті.

Аурухана кеңесінің отырысына елордалық балалар үйінің директоры Татьяна Александровна Цечоева, директордың емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Смағұлова Анаргүл Нұхайқызы, директордың материалдық-техникалық бөлігі жөніндегі орынбасары Еркінова Арайлым Еркінқызы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мамандар, дәрігерлер қатысты.

Әдіскер дәрігер Сауле Кенжетайқызының «Балалар үйі» қызметінің 2022 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытынды баяндамасы тыңдалып, алдағы жылдың жұмыс жоспары құрылды.

Аурухана кеңесінде қызметкерлердің өздерін қызықтыратын сұрақтарға толық жауап алып, балалар үйінің алдағы жұмысы туралы өз ойларымен бөлісті.

Оқылды 187 рет