09.02.2023 жылы «Ботақан» күндізгі тобының қоштасу кеші өтті.
Кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне, жан-жағына таңырқай қарап, «Ботақан» күндізгі тобының табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің 6 ай уақыты лезде өтіп, қоштасу ертеңгілігінің куәсі болдық. Балалар өздерінің өнерлерін шын ықылысымен көретті. Барлығы музыка залына қуанышпен кіріп, ертеңгіліктің көркін ашты. Қызықты ойындар ойнап, түрлі билер биледі. Кеш соңында балдырғандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік кеш соңында балапандарымыздың ата-аналары балалар үйінің ұжымына алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.