Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құстар — біздің досымыз. Балапандарымызға үнемі құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғауды үйреніп, құстар туралы кең түсініктерін қалыптастыру мақсатында “Үміт” тобының тәрбиешісі Ақмарал Мырзахметова бүлдіршіндеріміз Ксения мен Эминге “Құстар біздің досымыз” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Балалар құстардың түрлерімен, тыныс-тіршілігімен танысып, қызықты тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады. Ашық сабақ танымды әрі көңілді өтті.
Тәрбие сағаттың мақсаты: Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, құстардың тіршілігі, пайдасы туралы баяндау. Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, сұрақ – жауап арқылы балалардың тіл байлығын дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа дағдыландыру болды.