Игілікті іс үшін алғыс айтудан шаршамау керек. «Жылы сөз – жан жылуы» - деп бекер айтылмаған.
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасына бүлдіршіндерімізге көрсеткен мейірімі, жанашырлығы, қамқорлығы үшін шексіз ризашылығын білдіреді!
Балғындарымыздың жүзіне күлкі, көңіліне қуаныш орнатып, мереке қарсаңында шаттыққа бөлегендеріңіз үшін Сіздерге үлкен рахмет!
Сіздерді, Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз. Әрбір бастамаларыңыз табысты болып, алға қойған барлық жоспарларыңыз орындалсын.