Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-і, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін ерекше көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті. Бүлдіршіндеріміз би билеп, әр түрлі ойындар ойнап көңіл көтерді. Мерекелік іс - шара мекемемізде қызмет ететін түрлі ұлт өкілдерімен бүлдіршіндеріміздің көңіл - күйін көтеріп, арнайы құттықтау үшін ұйымдастырылды. Басшымыз Татьяна Александровна мекеме ұжымын шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны бөлек. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтастығын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, бейбіт өмірде күн кешейік! 1 мамыр құтты болсын!
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен шаттық, мол табыс тілейміз!