Елордалық балалар үйінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне» арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шарада патриоттық әндер шырқалып, көріністер қойылды.
Директор Татьяна Александровна балалар үйінің ұжымына жылы лебізі мен ізгі тілегін білдірді.
7 мамыр — Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. 9 мамыр – елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, жауға қарсы қайсар мінез бен өшпес ерлік көрсеткен жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен азаматтарымызды ардақтайтын күн.
Құрметті Отандастар, Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әрбір қазақстандық отбасыға мықты денсаулық, бейбіт өмір мен ашық аспан тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!