Бүгін біздің балалар үйінде «Халықаралық мейірбекелер күніне» орай салтанатты іс-шара өтті.
Директор Татьяна Александровна құттықтау сөз сөйлеп, балаларымызға мейірімділігі мен қамқорлығы үшін аяулы жандарымызға шынайы ризашылығын білдіріп, жыл көлемінде нәтижелі жұмыс атқарған мейірбикелерімізге Алғыс хаттар табыс етті.
Бүгінде дәрігердің баға жетпес көмекшісі болып жүрген мейірбике қызметі маңыздылығы ерекше мамандық. Қашаннан дәрігерлер мен мейірбикелерді ізгіліктің нұрын себушілер деп атайды.
Мейірбике – ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін мамандық иесі. Сырқаттанып, ем іздеген талайдың дертіне дауа, көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері.
Құрметті мейірбикелер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, шыдамдылық және игілікті еңбектеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілейміз!