Өрт – тілсіз жау! Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Күнделікті өмірде өрттен зардап шегіп жатқан жандарды жиі естіп жатамыз. Сондықтан мұндай тосын жайға тосқауыл қою мақсатында, бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт сөндіру бойынша «Өрт кезінде не істеу керек» тақырыбында оқыту жаттығуы өтті.
Оқыту жаттығуын Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау лейтенанты Қадырбеков Сағынтай Жұматайұлы жүргізді.
Оқу жаттығуын өткізу барысында Астана қаласы «Алматы» ауданы ТЖБ инженері азаматтық қорғау лейтенанты Қадырбеков Сағынтай Жұматайұлы қызметкерлерімізге өрттің алдын алу шараларын және төтенше жағдай кезіндегі қорғану әрекеттерін, өрттің жиі кездесетін себептері туралы және объектіде автоматты өрт дабылы шыққан кезде не істеу керектігін айтты. Өрт кезінде кез келген адамның іс-әрекеттері мен «112/101» өрт сөндіру қызметіне қалай дұрыс қоңырау шалу керектігін және нені міндетті түрде хабарлау керектігін түсіндірді.
Оқу жаттығуы соңында Астана қаласы «Алматы» ауданы ТЖБ инженері азаматтық қорғау лейтенанты Қадырбеков Сағынтай Жұматайұлы балалар үйінің қызметкерлеріне өрт сөндірудің бастапқы кезеңдерінде қолданылатын техникалық құралдарын көрнекі түрде көрсетіп, оларды қолдану тәсілдерін түсіндірді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігін айтып өтті. Қатысушылар сұрақтарына тәжірибеден мысалдар келтірумен жауаптар берілді.
Оқу жаттығуы мекемедегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің өртке қарсы психофизиологиялық дайындықтарын шыңдау үшін өтті.
Өрт үлкен материалдық шығын әкеледі және кейбір жағдайларда адам өліміне де әкеледі. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі екендігі анық.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi.