Қамқоршылық кеңес 04.07.2023 ж. елордалық балалар үйінде Астана қаласы Мәслихатының VIII шақырылым депутаты Динара Сатжанқызы Байсеркинаның төрағалығымен Қамқоршылық кеңестің отырысы өтті.
Қамқоршылық Кеңесінің Мүшелері: Астана қаласы Мәслихатының VIII шақырылым депутаты Байсеркина Динара Сатжанқызы: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абден Қарақат Жақсылыққызы: Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Закиева Динара Болатқызы; Астана қаласы «Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» ММ басшысы Мұратов Тимур Мұратұлы: Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі Мақсат Саматұлы: Шодиев атындағы халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы Шодиев Фаттах Каюмович: «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Тажибай Бахытжан Арынұлы: Астана қаласы Полиция департаментінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы Дощанова Нелля Нуруллақызы.
Отырыс барысында келесi мәселелер қаралды:
1) Қамқорлық кеңес — жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде тәлімгерлік жүйесін қалыптастырудың тиімді құралы (Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ Қамқоршылық кеңесi төрағасын тағайындау).
2) Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің 2023 жылғы 6 айда атқарылған қызметтер нәтижелері.
3) Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің 2023 жылғы 6 айдағы қайырымдылық және демеушілік көмек туралы есеп.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Байсеркина Динара Сатжанқызы бірауыздан сайланды. Кеңес барысында өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды қолдау, балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мәселелері қозғалды және талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қамқоршылық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.