Кең жүректі, мейірімді Сабина!

Шілде 17, 2023

Сіздерге бүгін, мекемемізде орын алған ерекше оқиғамен бөліскіміз келеді. Қаншама балапандарды тәрбиелеп, бақытты болуына себепкер болсақ деген, ақ жүрекпен ниетіміздің айқыны, бүгін біздің көз жасымызға ерік берді. Америка қаласынан Сабина есімді қызымыз, мұхит асып, еліне және де бізге деген ыстық ықыласы мен махабаттын көрсете келді.

9 ай құрсақта көтеріп туған ана, ана ма?

Туғанындай қарап, тәрбиелеп, жеткізген ана, ана ма?

Бұл сұрақтың жауабын, бүгін біз тапқандай әсердеміз?! Неге дейсіз бе? Бүгін біздің балалар үйінен тәрбиеленіп, өз елінен жыраққа кеткен қызымыз келді. Арада қаншама жылдар өтсе де, еліне деген ыстық махаббатын, жұдырықтай жүрегіне салып, сағынышпен өскен ортасына келді. Сабина (Скайлар) жай ғана келмей, өзінің елге деген ыстық махаббатын достарымен бөлісіп, "Қайырымдылық жобасын" ұйымдастырып, еліме пайдам тисе екен деген ақ жүрегі, барлығымыздың жүрегімізді елжіретіп, көзімізден жас ағызды. Достарымен  киімдер сатып, қомақты көлемдегі ақшаны жинап, Балалар үйінің бүлдіршіндеріне,  музыкалық аспаптарды, ойыншықтар мен көптеген балалардың дамуына арналған заттарды  сыйға тартты. Адамның жасы емес, еліне деген ыстық ықыласы мен ойы адамды көптеген жетістіктерге жеткізетінінің дәлелі болғандай. Және де бұл тек Сабинаның еңбегі емес, оны аялап баққан, туғанынан кем етпей, бар ыстық махаббатын тек өзіне ғана емес, туған еліне де жеткізген анасы Сюзанның еңбегі ерең. Сабинаның ұяңдығы мен сұлулығы, тәрбиесі мен әсемдігі бір-бірімен үйлесім тауып, анасының есімін асқақтатып, берген тәрбиесін ақтағандай. Осыншама ұлтжандылыққа, махаббатқа толы еңбекпен тәрбиелеген анасына мың алғыс! Және де, Сабинаның арманын орындауға көмектескен, достарына "Балалар үйі" ұжымының атынан алғысымызды білдіреміз!  Жүректі елжіретіп, ана деген сөздің мағынасын асқақтатқандай әсердеміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Оқылды 206 рет