Сен мені қазаққа сыйладың, мама,
Ғажаптардан қағылсаң да.
Мен сені азапқа қимадым, мама,
Қанша жыл сағынсам да.
Тағы да, қуанышты сәттің куәсі болдық. Қанша рет жүрегіміз езілсе де, езу тартып, махаббатымызды сезіндірдік. Сіздер көріп тұрған суретте, жай ғана тәрбиеші емес. Бар махаббат пен мейірімді аямаған, тар құрсақта толғатып тумасада, туған анадан артығырақ бауырына басып, мәпелеген анасы. Тәрбиешіміздің ерекше махаббатына бөлене отырып, құмарлана анасын құшақтап, сағынышын басқан, біздің кезекті Америкадан келген Олжас ұлымыз. Мұхит пен теңізді, бұлттар мен тауды асып, жүрек түбіне сақтаған Қазақстан деген елге асыға жетіпті. Бізден кеткен әрбір балапан, қанат қағып тауды асса да, бізді ұмытпақ емес. Қай жерде болмасын, қай елде болмасын, алғашқы ана махаббатын сезіндірген “Балалар үйіне” сағынышпен келуде. Олжас біздің мекемеде біраз уақыт болып, қазіргі ата-аналары Америкаға алып кетсе де, оның кім екенін? Ұлтын,туған жерін ұмыттырмақ емес.
Кезекті көрініс екі ананың құшақтасуы, бір-біріне сеніп “Аманат” ретінде тапсырған аналардың кездесу сәтіндегі қуанышы, көз жасы. Себебі, көптеген балапандарды тәрбиелеген аналарымыз, жүрекпен сезіне қарағандығы көрініп тұр. Бәлкім, біреуге жат, біреуге мүлдем түсініксіз болар. Бірақ, тек 9 ай көтеріп туған ана болу шарт емес екенін, іштен толғатып шықпасада, туғанындай баққан аналардың балаларына деген риясыз махаббаты сезіледі.
Олжас өзінің туған күнінде, біздің мекемеге келіп, анасының ақ батасы мен тәтті сыйлықтарын алып, қуана еліне қайтты. Гүлбаршын анамыз, ұлы Олжасқа тасбих пен Қазақстан туын тарту етті. Еліне деген жүрегіндегі лаулап тұрған сезімі өшпесін деп, әрдайым бізді еске алып тұрсын деп, шынайы ықыласын білдірді. Олжасты осындай қуанышты сәткк себепкер еткен анасына алғысымыз шексіз! Сіздер көріп жатқан әрбір мақала, біздің жүрегіміздегі шынайы сезім мен адалдық.