Жақсылық жасау адамзаттың бойындағы ерекше бір қасиет болып табылады. Қазiргi таңда елiмiзде турлi iс-шаралар жасап, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созып жатқан iзгi жандар көбейiп келедi. Солардың бірі, әрі бірегейі «Солтүстік өңірінің өңірлік пойыздар қозғалысын басқару» орталығының басшысы Бекмағамбетов Азамат Зейнұллаұлына және қызметкерлерге «Мамандандырылған балалар үйі» атынан көрсеткен көмегі үшін алғысымызды білдіреміз!
Мейiрiм мен көмек қолын созу-iзгiлiкке бастайтын басты қасиет. Қамкорлықты қажет ететiн жандарға қол ұшын созу арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Міне, елімізде жақсылықтың жолымен жүріп келе жатқандар аз емес.
Құрметті, Бекмағамбетов Азамат Зейнұллаұлы! Сіздің жұмысыңызға және де шығармашылығыңызға толассыз табыс тілейміз! Әрдайым биіктен көрінуіңізге тілектеспіз! Жақсылықтың басында, сіздей ерлі азаматтың бас көтеруі біз үшін үлкен мақтаныш.