«Күнім» оңалту тобының бүлдіршіндерінің бітіру кеші өтті

Тамыз 15, 2023

15.08.2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің «Күнім» оңалту тобының бүлдіршіндерінің бітіру кеші өтті.

Үш ай көлемінде балалармен реабилитолог, невропатолог, дәрігер-педиатр, массажист, ЛФК инструкторы жұмыс жасады. Ал балдырғандардың күтімі мен біліміне тәрбиешілер мен күтушілер, психолог, логопед, монтессори және музыка жетекшісі жауапты болды.

Мекемеміз ұжымының үш айлық еңбегі өзінің оң нәтижесін көрсетті. «Күнім» оңалту тобының балалары Маян Ашим мен Ермек Альнурдың тұсау кесер рәсімін өткіздік. Балалардың өмірге құштарлығы, алғырлығы, ерік-жігері мен мамандарымыздың ерекше күтімі, қамқорлығы, еңбегінің арқасында Ашим мен Альнур өзінің алғашқы қадамдарын жасады. Сымбатты бүлдіршіндеріміздің тұсауын өмір жолы кедергісіз ашық болсын, көркем мінезді, ақылды болып ержетсін деп, ЕДШ нұсқаушысы Акишова Нургул Ушкемпировна мен емдеу-алдын алу жұмыстары бойынша директордың орынбасары Смагулова Анаргүл Нухаевна кесті.

Ашим мен Альнурға және «Күнім» оңалту тобының бүлдіршіндеріне мықты денсаулық, шексіз бақыт, сәттілік тілейміз. Қуанышты, бақытты күндері көп болсын!

Оқылды 248 рет