«Асыл Бала» қоғамдық қоры мен Вагапов Закиржан мырзаға ризашылығымызды білдіреміз

Қазан 01, 2020

Мейірімділік – адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік істер жасау арқылы қамқорлық көрсету. Абай Құнанбайұлының «Он төртінші қара сөзінде»: «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Жақсылық жасап, қолыңдағы барыңмен бөлісу, қуаныш сыйлауға мүмкіндігінше барыңды салу асыл қасиет.

«Бала – өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамның жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқаруда. Оған Вагапов Закиржан мырзаның қолдауымен «Асыл бала» қоғамдық қорының біздің ерекше балаларымызға қамқорлығы арқылы көз жеткізуге болады.  

Сіздерге, қамқорлығыңыз бен мейіріміңіз үшін алғысымызды білдіреміз.  Ерекше балаларымызға сыйға берілген арнайы ыдыстар үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің қамқорлықтарыңыз балғындарымызға олар да бұл қоғамның маңызды бөлігі екендерін сезіндіріп, қуанышқа бөледі. Балаларымызға жасағын жақсылықтарыңыздың игілігін көріңіздер. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, шаңырағыңызға бақыт тілейміз!

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
Оқылды 457 рет