Өңірлік кадр резерві

Ақпан 15, 2024

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 наурыз күні Өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады, құжаттар осы жылдың наурыздың 31-іне дейін onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қабылданады.

Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың аймақтық пулдарын қалыптастыру және дарынды жастарды өңірлерді дамытуға тарту.

Өңірлік резервке іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар қатысуға жіберіледі.

Әрбір өңірлік резерв бойынша нақты салалық бағыттар мен резервшілердің саны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтары ескеріле отырып, өңірлік кадр комиссияларымен айқындалатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне 8 (7172) 24-89-26, 24-88-96 байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыз.

Оқылды 299 рет