ҚР Төтенше жағдайлар Департаментінің 25 жылдығына орай «25 игі іс»

Қазан 14, 2020

Тәулік сағаттарымен санаспай, өз өмірін қауіп пен қатерге тіге отырып, еліне еңбек ететін өрт сөндірушілер — қоғам қауіпсіздігін қызғыштай қорғайтын нағыз батыл жандар.

Биыл Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі   мемлекеттік Комитетінің құрылғанына 25 жыл. Ширек ғасырға жуық уақыт бойы өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, дәрігерлер мен ұшқыштар, психологтар пен кинологтар төтенше жағдай кезінде өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. 25 жыл бойы елге қызмет етіп келе жатқан  Төтенше жағдай саласының қызметкерлері жанқиярлық еңбектерімен ел қауіпсіздігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай ТЖД қызметкерлері «25 игі іс» бастамасы негізінде біздің балалар үйіне арнайы келіп, мекеме аумағын, жиналып қалған күзгі жапырақтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Қажетті құралдармен қаруланған ТЖД қызметкерлері сәбилеріміз ойнайтын алаңдарды күздің сары жапырақтарынан тазартып берді.

Балалар үйінің ұжымы № 17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне  және   № 17 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Абуов Нұрдаулет Қайсарұлына біздің үйдің ауласын жиналған күзгі жапырақтардан тазарту жұмыстарына көмектескені үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.

Біздің балаларымыздың атынан Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, барлық төтенше жағдайларды еңсеру үшін табандылық пен батылдық тілейміз.

  • 001
  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
Оқылды 420 рет