Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне арналған «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» атты мерекелік іс-шарасы ерекше көтеріңкі көңіл-күймен аталып өтті. Шарада әртүрлі ұлт өкілдерінің билері көрсетіліп, әндері шырқалды.
1 – мамыр достық, береке, бірлік, татулық мерекесі!
Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір, бір тудың астына жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерін айтулы мереке, Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігі, достығы мен өзара түсіністігі одан әрі нығая түсіп, еліміздегі ұлтаралық татулық пен бірлік мәңгі жасай берсін!